ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 наурыз 2025 12:35
Алматының орталығында салынып жатқан қонақүй өртенді
Алматыда жаңадан салынып жатқан қонақүйде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда жаңадан салынып жатқан қонақүйде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қонақүй Көктем-3 шағынауданында орналасқан. Өрт сағат 11:26-да басталған. Оқиға куәгерлері Tengrinews.kz редакциясына кадрларды жіберді.
Алматы ТЖД мәліметінше, өртсөндірушілер оқиға орнына хабар түскеннен кейін бес минут ішінде жеткен.
"Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыстан қалған қоқыстар өртенгені анықталды. Сағат 11:55-те 10 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді", – деп хабарлады ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу