Алматылықтардың пәтерін ыстық су басты: Төрт адам ауруханаға жеткізілді

Иллюстрациялық фото: sputniknews.kz

Алматыда ескі жылу магистралі жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда ескі жылу магистралі жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

10 сәуірде таңғы 04.00 шамасында Пушкин көшесінен Төле Би көшесіне дейінгі аумақта ескі құбыр желісі жарылған. Ол 1993 жылы қолданысқа берілген. 

Жарылыс салдарынан төрт тұрғын ауруханаға жеткізілді. 

Реклама
Реклама

"Көпқабатты тұрғын үйдің жеті пәтері мен оның маңындағы тұрақта тұрған сегіз автокөлік бүлінді. Шығын көлемі анықталған соң кәсіпорын заң бойынша зардап шеккендер мен бүлінген мүліктің қожайындарына өтемақы береді", - деді "Алматы жылу желісі" өкілдері.

Қазір коммуналдық қызмет жылу магистралінің жарылған орнын жөндеп жатыр. Олар 16.00-ге дейін жөндеу жұмысын аяқтамақ. 

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер көмекті кімнен сұрай алады - Нұсқау

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама