Алматының оңтүстік-батысында бір тәулікте төрт бірдей зілзала тіркелді

© smarv.com

Алматыны? о?т?стік-батысында бір т?улікте т?рт бірдей зілзала тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының оңтүстік-батысында бір тәулікте төрт бірдей зілзала тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясының сайтындағы мәліметке сүйенсек, магнитудасы 4,5-ке тең соңғы жер сілкінісі 5 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07.22-де тіркелген. 

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 482 шақырымда, Қытай территориясында болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 9.8, ал тереңдігі 5 шақырымда.

Реклама
Реклама

Ал оған дейінгі үш жер сілкінісі 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07.03-те, 09.27-де және 09.56-да тіркелген. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 476-506 шақырымда, Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 10-10.5 аралығында, магнитудасы - 4,5-4,6, тереңдігі бес шақырымда.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама