Алматының орталығында құбыр жарылып, аялдаманы су басты

Алматының орталығында құбыр жарылып, аялдаманы су басты Куәгерлер жолдаған сурет

Алматы орталығында құбыр жарылып, ыстық су атқылады, жақын маңдағы аялдаманы су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерге сілтеме жасап.

Куәгердің айтуынша, құбыр Әйтеке би - Абылайхан көшелерінің қиылысында шамамен сағат 12.15-те жарылған. Ауданда тұман түскен. Айта кетейік, бұл жерде паркинг орналасқан. Жүргізушілер өз көліктерін қауіпсіз жерге жеткізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама