АН-2 ұшағы апатқа ұшырады: комиссия тергеу жүргізеді

АН-2 ұшағы апатқа ұшырады: комиссия тергеу жүргізеді Фото: ТЖМ

АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Комиссия апатқа қатысты тергеу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Комиссия апатқа қатысты тергеу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында болған. Тіркеу нөмірі UPA0141 әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі.

Ұшақ апатқа ұшырап, кейін өртенген. Бортта ұшқыш болғаны айтылды. Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылған, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

"Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама