19 мамыр 2021 12:04

"Анасы кір жуып жүрген". Нұр-Сұлтанда тағы бір сәби терезеден құлады

Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда тағы бір бала терезеден құлап кетті. Қазір бір жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда тағы бір бала терезеден құлап кетті. Қазір бір жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір жасар бала 18 мамырда кешке төртінші қабаттағы терезеден құлағаны хабарланды. Салдарынан сәби ауыр жарақат алып, реанимацияға түсті.

"Пәтерде анасы мен 2 жасар бауыры болған. Анасы кір жуып жатқанда бала ас үйдегі төмен орналасқан терезеге шығып, құлап кеткен. Терезеде тор ғана болған", - деп хабарлайды полицейлер.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері ата-аналардан тағы да абай болуды сұрайды.

2021 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйлердің терезелерінен төрт бала құлап, біреуі қаза тапты. Қайғылы оқиға 15 мамырда болды. Пәтерде баламен бірге анасы болған, ол үйді жинап жүріп бөлмеден бірнеше минутқа шығап кеткенде бала құлаған. Сонымен қатар, терезелеріне ілмектер орнатылған болса да, бала оны өзі ашып алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram