ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 шілде 2026 12:01
Әпкесін туған күнімен ерекше құттықтамақ болған астаналық істі болды
Астананың 27 жастағы тұрғыны туған әпкесіне ұмытылмас тосын сый жасамақ болып, соңында полиция бөлімі мен соттан бір-ақ шықты. Түн ортасында аулада атылған отшашу үшін бірден үш әкімшілік бап бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бойжеткен туған күнінде әпкесін таңғалдырды қалаған. Ерекше әсер сыйлау үшін ол түн ортасында көпқабатты үйдің ауласында, дәл көлік тұрағының ортасында ауқымды пиротехникалық шоу ұйымдастырудан басқа ештеңе ойлап таппаған.
Алайда үй тұрғындары бұл тосын сыйға қуана қойған жоқ. Тыныштықтың бұзылғанына ашуланған көршілер полиция шақырған.
Полиция қызметкерлері бірден үш әкімшілік хаттама толтырды:
- түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін;
- елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны үшін;
- ұсақ бұзақылық жасағаны үшін.
Нәтижесінде Астана тұрғынына айыппұл салынды.
Полиция азаматтарды айналадағылардың тыныштығы мен демалысына құрметпен қарауға шақырып, тіпті мерекелік іс-шаралардың өзі өзгелерге қолайсыздық тудырмауы және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болмауы тиіс екенін еске салды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу