Ақмола облысында 24 жастағы тергеуші қыз өзін-өзі атып тастады

Ақмола облысында 24 жастағы тергеуші қыз өзін-өзі атып тастады ©Ярослав Радловский

Сәрсенбі күні Ақмола облысының Целиноград аудандық полиция бөлімінде 24 жастағы тергеуші қыз өзін-өзі атып тастады, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

Тергеуші өзін кезекшілік уақытында жеке кабинетінде табель қаруымен атты. Целиноград ауданы әкімдігінің өкілдері агенттік тілшісіне марқұмның өлім алдындағы хаты табылғанын хабарлады.

Әкімдік өкілдері, алдын ала мәлімет бойынша, тергеуші қыздың суицид жасауының басты себебі - отбасындағы жанжал болғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Осы дерек бойынша тексеріс жүргізілу үстінде. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама