Ақмола облысында 25 жолаушысы бар автобустан өрт шықты

Иллюстрация © Lada.kz

А?мола облысында автобус ?ртенді. К?кшетау ІІБ ЖП? ?ызметкерлері автобуста?ы 25 жолаушыны эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында автобус өртенді. Көкшетау ІІБ ЖПҚ қызметкерлері автобустағы 25 жолаушыны эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 13 сәуірде сағат шамамен 23.00-де Көкшетау қаласына кіре берісте болды. Облыстық ІІД мәліметтері бойынша,"Көкше-Цемент" АҚ-ға тиесілі автобус Біржан Сал ауданы Заозерный ауылынан жұмысшыларды алып келе жатқан. Салонда 25 жолаушы мен жүргізуші болды.

"Жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қадағалайтын ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері шұғыл түрде шара қолданып, автобустағы жолаушыларды эвакуациялады және құтқару қызметіне хабарлады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, өрт ауыздықталды, жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған. Тексеру жүріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама