ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 маусым 2018 13:33
Ақмола облысында аса қауіпті қылмыскер колониядан қашып кетті
Ақмола облысында аса ауыр қылмысы үшін сотталған ер адам колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, ер адам 17 маусымда Степногорск қаласындағы мекемеден қашып кеткен.
"17 маусымда Степногорсктегі ЕЦ-165/18 мекемесінен аса ауыр қылмысы үшін сотталған Е.Ж.Қасенов қашып кетті. Ішкі істер органдары оны қайда екенін анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Сәдубаев.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу