Ақмола облысында автобус жол апатына ұшырады, төрт адам қаза тапты

Куәгер жіберген сурет

Ақмола облысында жолаушылар таситын автобус пен жеңіл көлік соғысып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында жолаушылар таситын автобус пен жеңіл көлік соғысып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол апаты сағат 14.10-да Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болған. Полиция мәліметінше, 49 жолаушысы бар Бурабайдан шыққан автобус Астанаға барар жолда алдында кетіп бара жатқан Nissan Cefiro артынан соққан. 

Жеңіл көлікте отырған үш әйел автомобильдің салонында қайтыс болған. Сонымен қатар, автобус соққыдан кейін, жол бойында тұрған ВАЗ-2106 көлігінің жүргізушісін қағып өлтірген. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің мәліметінше, жас жолда кептеліс болған. Бір жүргізушінің айтуынша, ол Щучинскіден Астанаға 12.30-да шыққан. Шамамен бес сағат бойы кептелісте тұрып, полицейлер жолды жабамыз дегеннен кейін қайта Щучинскіге қайуға мәжбүр болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама