ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 қазан 2015 11:14
Ақмола облысында автомобиль көпірден құлап кетті, қаза тапқандар бар
Ақмола облысында автокөлік көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, жол апаты Аршалы ауданы Аршалы ауылында 5 қазан күні сағат 7.30-да болған.
"Тәшенов көшесімен ауылға кірер кезде жол-көлік оқиғасы болды, Daewoo Nexia автокөлігі көпірден кюветке құлады - екі адам қаза тапты", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында ТЖД-ның төрт қызметкері мен 1 техникасы жұмыс істеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу