Ақмола облысында ер адам прокуратура мен АІІД жұмысшыларын жарақаттап, кейін өзіне оқ атты

А?мола облысында ер адам прокуратура мен АІІД ж?мысшыларын жара?аттап, кейін ?зіне о? атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында ер адам прокуратура мен АІІД жұмысшыларын жарақаттап, кейін өзіне оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 шілдеде сағат 14.35-те белгісіз біреу "Фольксваген Пассат" көлігінде отырып, Целиноград прокуратурасының әкімшілік ғимаратының маңында прокуратура жұмысшысы мен Целиноград аудандық ІІБ қызметкеріне оқ атқан. Қызметкер қызметтік бабымен сол маңда болған. 14.45-те жедел-іздестіру шараларының барысында көлік табылып, сонда күдіктінің мәйіті анықталған. Ол өз-өзіне жүрек тұсына оқ атқан", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, 61 жастағы күдіктінің қылмыстық іс бойынша сотталушы ретінде күдікке ілінгені анықталды. Ол антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан ақша жымқыру дерегі бойынша күдікті болған. Қару тәркіленіп, сараптамаға жолданған. Тергеу жүріп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, оларға уақытылы медициналық жәрдем көрсетілді", - деді ведомство өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама