Ақмола облысында ерлі-зайыпты пеш иісінен уланып қалды

Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Ақмола облысында ерлі-зайыпты адамдар пеш иісінен уланып, қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше оқиға 22 ақпан күні 19.00 шамасында болды. Егіндікөл ауданындағы Спиридоновка елді мекеніндегі жеке үйлердің бірінен екі мәйіт табылды. Ер адам мен әйел адам - 1952 жылы туылған зейнеткерлер. "Өлімінің алдын ала себебі - пеш газынан улану. Мәйіттерде сыртқы зорлық-зомбылық белгісі болған жоқ, мәйітхана жіберілді, сот-медицина сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Ерлі-зайыптылардың немесе олардың көршілерінің өртке қарсы қызметке хабарласпағаны белгілі болды. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама