ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 ақпан 2018 10:37
Ақмола облысында кәріз құдығынан сәбидің денесі табылды
Ақмола облысы Атбасар қаласында кәріз құдығынан сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"7 ақпанда сағат 11.50-де Атбасар аудандық ІІБ диспетчерлік қызметіне "Атбасар су арнасы" қызметкері қаладағы кәріздердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда сәбидің денесі (қыз бала) табылғанын хабарлаған", - деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.
ІІД мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қылмысты ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу