Ақмола облысында он күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы қыз үйіне қайтарылды

Любовь Скубакова

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы Любовь Скубакова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта Ақмола облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Любовь Скубакованы туыстарына қайтарды. "4 тамызда Есіл аудандық ІІБ бөліміне17 жастағы Любовь Скубакованың жоғалып кеткені жайлы хабарлама келіп түсті. 17 жастағы қыз үйінен 30 тамызда кетіп, осы уақытқа дейін табылмаған еді. Оның туыстары полицияға бір аптадан кейін хабар берген", - деді ІІД өкілдері. 

Айта кетейік, жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері қыздың осыған дейін де өз еркімен үйінен кетіп, бірақ үйіне қайтып жүргенін анықтады. Маусым айында 17 жастағы Скубакова Любаны ішкі істер органдарындағылар есепке алға болатын. Ал қызды іздестіру жұмыстарына Есіл ауданының ІІБ өкілдерінің жеке құрамы, көрші аумақтағы бөлімдердң өкілдері де қатысқан. ІІД қызметкерлерінен құралған топ та іздестіру жұмыстарына атсалысып, қылмыстық іс қозғалды. 

Реклама
Реклама

"Ақмола облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған сегіз жасөспірім ата-анасына қайтарылды. Полициядағылардың айтуынша, жоғалып жатқандардың көбісі 16-17 жастағы жасөспірімдер. Сондықтан облыстағы полиция қызметкерлері ата-аналардан балаларының қай жақта екенін үнемі бақылап, өз еркімен үйден кетіп қалуына жол бермеуін сұрады", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама