Ақмола облысында полицей лифт шахтасына құлап кетті

Көрнекі сурет

Щучинскіде полиция ?ызметкері лифт шахтасына ??лап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л м?ліметті А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметіндегілер растады. Айта кетейік, т?тенше жа?дай 23 ?а?тарда бол?ан.

Щучинскіде полиция қызметкері лифт шахтасына құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады. Айта кетейік, төтенше жағдай 23 қаңтарда болған.

"Кешкі уақытта жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Бурабай ауданындағы Орталық ауруханаға техникалық құрылғыны мас күйінде басқарған 1988 жылғы ер адамды медициналық куәландыруға апарған. Содан учаскелік полицей абайсызда сүрініп кетіп, лифт шахтасына түсіп кеткен", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер

42 жастағы полиция капитанының лифт шахтасына 1-ші қабаттан түскені белгілі болды. Оны Төтенше жағдайлар қызметіндегілер алып шықты. Сондай-ақ, оған жедел түрде медициналық көмек көрсетілген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама