Ақмола облысында полиция көлігін ұрлаған жігіт жол апатына ұшырады

Щучинск ?аласыны? т?р?ыны Бурабай ауданды? ІІБ аума?ынан ?ызметтік к?лікті айдап ?кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысыны? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Щучинск қаласының тұрғыны Бурабай аудандық ІІБ аумағынан қызметтік көлікті айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 5 сәуірде болған. Жол патрульдік полициясы батальонының көлігі Щучинск АІІБ маңында тұрған. 

Полицейлердің айтуынша, 22 жастағы жігіт KIA маркалы көлікті айдап шығып, Астана - Петропавл тасжолына шығып кеткен. Алайда жол үшін ақы төлейтін терминал маңында бетон қоршауға соғылған. 

Реклама
Реклама

Жігіт дереу ұсталды, оқиға кезінде ол зардап шекпеген. Қазіргі кезде ол екі айға қамауға алынды. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ер адам медициналық сараптамадан бас тартты, дегенмен, қылмыстық іске байланысты химия-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы 12 сәуірде дайын болады", - дейді баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдірахманова. 

Сонымен қатар, бұл оқиғаға байланысты ІІД-нің жеке қауіпсіздік қызметі тергеу жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама