Ақмола облысында терроризм туралы жалған хабар таратқан ер адам ұсталды

А?мола облысында 1 ?а?тарда К?кшетауда?ы ірі сауда орталы?тарыны? бірінде жарыл?ыш зат бар деп хабар тарат?ан к?дікті ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 1 қаңтарда Көкшетаудағы ірі сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат бар деп хабар таратқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қаңтарда СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне терроризм туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіp ер адам абоненттік нөмірден қоңырау шалған. Бұл мәліметтер Ақмола облыстық ІІД жіберілді.

"Жедел-тергеу тобы бірден оқиға орнына барды. Ғимаратты тексеру нәтижесінде қауіпті немесе жарылғыш заттар табылған жоқ. Адамдар эвакуацияланған жоқ", - деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Кейінірек полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы Сарыбұлақ ауылының осыған дейін сотты болмаған 26 жастағы тұрғынын ұстады. Айта кетейік, ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, ер адам алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама