Ақмола облысында үш жасар сәби Chupa Chups кәмпитіне қақалып өлді

©Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының Қосшы ауылында 2012 жылы туған сәби кәмпитіне қақалып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш жасар сәби Chupa Chups кәмпитіне қақалып қалған. "Ақмола облысының Қосшы ауылдық ауруханасынан құқық қорғау органдарына 1 маусымда шамамен сағат сегізде өз үйінде 2012 жылғы сәбидің өлгені жайлы хабар келіп түсті. Диагноз - механикалық асфиксия, Chupa Chups кәмпитіне қақалып қалған", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуірінде Орал қаласында екі жасар баланың сағызға қақалып өлгені хабарланған болатын. Сот-медициналық сараптаманың актіне сәйкес, 2013 жылы туған сәби жоғарғы тыныс алу жолдарын бөтен заттың жауып қалғанынан қайтыс болған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама