Ақмола облысындағы суға батқан автобустан балаларды құтқару сәті түсірілген видео жарияланды

Желіде А?мола облысында?ы еріген ?ар суына т?сіп кеткен мектеп автобусынан балаларды ??т?ару кезінде т?сірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Ақмола облысындағы еріген қар суына түсіп кеткен мектеп автобусынан балаларды құтқару кезінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгер түсірген видеода құтқарушылардың балаларды автобустың төбесінен шығуға көмектесіп жатқаны көрінеді. Ағысы қатты судан олар балаларды қайыққа байланған арқан арқылы алып шығарған. 

ТЖД мәліметі бойынша, оқиға 16 сәуірде болған. 

Реклама
Реклама

"Автобус Атбасар жақтан келе жатқан, Державинсктен болса керек, Көкшетауға бара жатқан. Жолдан шығып кеткен. Автобуста он бала мен бес ересек адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ, барлығы аман. Құтқаруға жергілікті тұрғындар көмектесті", - дейді Ақмола облысының ТЖД басшысының орынбасары Қанат Доспаев. 

Назар аударыңыз, бейәдеп сөздер бар!

Сонымен қатар, Қазнет қолданушылары Ақмола облысындағы су тасқынының салдары түсірілген видеоларды бір-біріне жолдап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, видео Атбасарда түсірілген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама