Ақша айырбастайтын пункттен жарылғыш зат іздестірілуде

Ақша айырбастау пункті Достық даңғылында орналасқан. ©Владимир Прокопенко

Алматының қақ ортасындағы ақша айырбастайтын орыннан жарылғыш зат іздестірілуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақша айырбастайтын пункт Достық даңғылының бойында Қажымұқан көшесіне жетпей орналасқан. Қазіргі таңда полиция ғимаратты қоршауға алған, сонымен бірге бірнеше өрт сөндіру тобы келген. Айта кетейік, ақша айырбастау орнының қасында Kaspi bank-тің бөлімшесі бар. Расталмаған дерек бойынша, бұл жарылғыш затты дәстүрлі емес діни ағымдардың жолын қуушылар қойған. Ақпарат әлі де анықталу үстінде.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама