Ақтау-Доссор тасжолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтау-Доссор тасжолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты ©Drom.ru

Маңғыстау облысында Жылыой ауданындағы Майкөмген ауылының маңында 25 және 26 жастағы екі ер адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада". Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі 25 наурызда таңғы уақытта Ақтау-Доссор автожолында жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. 

Көлік салонында болған тағы екі ер адам - 26 жастағы жүргізуші мен 25 жастағы жолаушы түрлі дәрежеде жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. 

"Ақ Жайық" басылымы Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Жәнібек Қаражановқа сілтеме жасай отырып, жол-көлік оқиғасының жүргізушінің жолда ұйықтап кетуінен болғанын жазды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама