Ақтау полицейлерінің той кортежін жетелегені түсірілген кезекті бейнежазба пайда болды

©Lada.kz

Интернетте Ақтау полицейлерінің үйлену тойы кортежін жетелеп жүргені түсірілген тағы бір видео пайда болды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Бұл бейнежазбаны той керуеніне қатысушылардың бірі түсірген. Үйлену тойы кортежінің автокөліктері жол ережелерін бұзып келеді, қарсы бағытқа шығып, жолдағы өзге көліктерге кедергі келтіреді. SsangYong автокөлігін мінген тәртіп сақшылары болса, кортеждің жанынан бірнеше рет дабыл қағып өте шығады. 

Реклама
Реклама


Бейнежазбаның 01.55 уақытында күзетте тұрған полицейдің үйлену тойы кортежін тоқтатуға әрекеттенгенін көруге болады. Бірақ SsangYong көлігімен келе жатқан тәртіп сақшылары әріптесіне қатты байланыстың көмегімен "Тоқтатпа!" деген ескерту береді. Құқық қорғау қызметкері жолдың жиегіне ығыса бергенде, жолаушылардың бірі оған "Әрі тұр" деп айқайлайды. Бейнежазбадан кортеж көлік жүргізушілерінің қатты дабыл қағып, әрі ысқырып келе жатқаны естіледі. Lada.kz редакциясы роликтің 2013 жылдың жазында немесе күзінде түсірілгенін тұспалдап отыр.

Айта кетейік, Интернетте бұған дейін де Ақтауда түсірілген осындай бейнежазба пайда болған еді. Құқық қорғау органдарының өкілдері кортеж мүшелерін айыппұл тұрағына алып келе жатқандарын айтып, ақталды. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Оразбай Садуовтың айтуынша, полицейлер тек қана күзетілетін адамдарды және түрлі шараларға бара жатқан балалар мен әскерге шақырылушыларды ғана жетелеп жүреді.


 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама