Ақтау қаласы маңындағы тас жолда автомобиль өртеніп кетті

© Youtube.com

Маңғыстау облысы Ақтау - Форт-Шевченко тас жолында автомобильден өрт шығып, жарылыс болды, - деп хабарлайды "Лада".

Алдын ала болжам бойынша, автомобильде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Нәтижесәнде өрт пайда болып, газ баллоны жарылды. Ақтау қаласының тұрғыны, 30 жастағы жүргізуші жарақаттанған жоқ. Жалынды өрт сөндірушілер келіп ауыздықтады.

Полицейлердің айтуынша, жарылыс болған кезде автомобильдің маңынан өтіп бара жатқан Kia Sportage аялдамаға барып соқты. Жүргізуші жарылыстан қорқып кетсе керек, дегенмен ол дін аман. Болған оқиғаның жәй-жапсары анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама