Ақтау тұрғындары жетінші қабаттан тақтайлар мен есіктерді лақтырған

Жоғарыдан тасталған қоқыс. ©lada.kz

Ақтауда көпқабатты үй тұрғындары тағы да биіктен қауіпті заттарды лақтырды, бұл жолы жоғарыдан есік-тақтай сияқты құрылыс қалдықтары тасталған, - деп хабарлайды "Лада". Бұған дейін көпқабатты үй терезесінен лақтырылған теледидардан төрт жасар бала зардап шеккен еді. 

Интернет қолданушыларының бірі көпқабатты үй терезесінен есіктер мен тақтайлардың тасталып жатқанын ұялы телефонына түсіріп алған. Ролик жарияланғаннан кейін үш күннен соң 27-ықшамауданның учаскелік инспекторлары жөндеу жүргізген пәтер иесін тапты. Инспектор Ерлан Зорбаевтың айтуынша, пәтер қожайыны кінәсін бірден мойындаған жоқ. Ол туысқанына қоқыс шығаруды тапсырғанын, ал ол жұмысшыларға есіктер мен тақтайларды терезеден лақтырып жіберіңдер депті. 

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, біз пәтер қожайынына әкімшілік хаттама толтырып, 20 АЕК көлемінде, яғни 37 мың теңге айыппұл салды. Біз бұл азаматтың әрекеті арқылы адамдарға құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерге тастау, оның үстіне көпқабатты үй терезесінен лақтырудың заңмен қудаланатынын көрсеткіміз келді", - дейді Зорбаев.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Ақтауда 4-ықшамауданның тұрғыны сегізінші қабаттан теледидардың кинескобын лақтырып жіберген болатын. Теледидар бөлшегі кішкентай баланың үстіне түсті. Дәрігерлер жарақат салдарынан оның көру қабілетінен айырылуы мүмкін екенін хабарлады. Қазір баланың туыстары оқиғаға кінәлі адамнан 11 миллион теңге талап етіп отыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама