Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің бауыры неден қайтыс болғаны анықталды

А?тауда 6 жасар ?ызды зорлады деген к?діктіні? бауырыны? м?йіті п?терден табылды. Оны? денесінде ешбір зорлы? белгілері болма?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ма??ыстау облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің бауырының мәйіті пәтерден табылды. Оның денесінде ешбір зорлық белгілері болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтауда 16 қарашада шамамен сағат 16:00-де 26-шы ықшамаудандағы пәтерден алты жасар қызды зорлады деген күдіктінің 1979 жылы дүниеге келген бауырының мәйіті табылды. Денесінде зорлық белгілері болмаған. Полицейлер пәтерге Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің көмегімен кірген. Себебі пәтердің есігі мен терезелері іштен де, сырттан да жабық тұрған. Пәтердің іші шашылмаған, үстел үстінен алкогольді ішімдіктің бірнеше бөтелкесі табылды. Көршілердің айтуынша, қаза тапқан адам соңғы кездері ішімдікке салынып жүрген", - деп хабарлады полицейлер.

Олардың айтуынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан адамнан алынған қаннан 3,5 промилле алкоголь табылған. Бұл ауыр деңгейдегі мастық болып саналады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 19 қарашада Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдіктінің қамау мерзімі ұзартылған болатын. 18 қарашада тергеу судьясы күдіктінің қамау мерзімін тағы бір айға созу туралы шешім шығарды.

Еске салайық, алты жасар қызға қатысты жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама