Ақтауда басына оқ тиген ер адам тірі қалды

© artleo.com

Маңғыстаудағы ауруханаға басына оқ тиген ер адам жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы дәрігерлер айтып берді. 

Оқиға 25 сәуірде түнгі уақытта болған. Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасына жедел жәрдем бригадасы басына оқ тиген 23 жастағы жігітті жеткізген. Оған шұғыл түрде ота жасалды.

"Науқастың өзі үйінің ауласына шығып, біреудің атқанын естігенін, кейін құлап түскенін айтып берді. Айтуынша, кімнің атқанын ол көрмеген", - деп хабарлады облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Үміт Ілиясова.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта жігіттің жағдайын дәрігерлер "тұрақты ауыр жағдай" деп бағалап отыр. Ол жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылған.

Полицейлер әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік бермеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама