Ақтауда белгісіз біреулер бірнеше көлікті талқандап кеткен

А?тауда белгісіз біреулер бірнеше к?лікті тал?андап кеткен, - деп хабарлайды "Лада". О?и?а ?алада?ы 35-ы?шамауданда бол?ан.

Ақтауда белгісіз біреулер бірнеше көлікті талқандап кеткен, - деп хабарлайды "Лада". Оқиға қаладағы 35-ықшамауданда болған.

Белгісіз біреулер кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маңында тұрған бірнеше көлікті талқандап кеткен. Көліктердің терезелері сынған, ал кейбіреулерінің айналарын жұлып кеткен. Тіпті кейбір көліктердің ішінде тастар да жатыр. Сондай-ақ, көліктердің бірінде қан іздері де бар. 

Реклама
Реклама

"Видеоға қарағанда шамамен төрт көлік бүлінген. Көліктерден қандай да бір бағалы заттар жоғалды ма, жоқ па әзірше белгісіз. Полицейлер осы оқиғаға қатысты түсінік беруге уәде берді. Жақын маңдағы тұрғындардың айтуынша, бұл ауданда түнгі уақытта ешқандай да шу естілмеген", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Олар бүлінген көлік иелерінің жазған шағымдарын жинап алды. Ақтау ІІБ кезекші бөліміндегілер оқиғаның шамамен таңғы сағат алтыларда болғанын хабарлады. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама