Ақтауда белгісіз біреулердің дүкенді тонау сәті видеоға түсірілді

Видеодан алынған кадр

О?и?а 7 ?азанда т?нгі уа?ытта бол?ан, - деп жазады "Лада" басылымы Ма??ыстау облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 қазанда түнгі уақытта болған, - деп жазады "Лада" басылымы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан беттерін жауып алған үш ер адамның дүкенге басып кірген сәті көрінеді. Сол уақытта ұрылардың бірі дүкен сатушысын тапаншаға ұқсас затпен қорқытса, екінші ер адам сөрелерден аттап өтіп, ақшасы бар қорапшаны алып шыққан.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметіндегілер, ұрлықтың 7 қазанда шамамен сағат 00:25-те болғанын айтты.

"Белгісіз біреулер 3 "Б" ықшамауданында орналасқан дүкенге баса көктеп кірген. Олар біреудің мүлкін тонап кетті, материалдық шығын 20 мың теңгені құрады. Олардың біреуінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған. 20-25 жас аралығындағы үш жігіт ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жабылды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама