Ақтауда екі бала тірідей өртеніп кете жаздады

© lada.kz

А?тауда ?рт кезінде к?шедегілер ?ртс?ндірушілер келгенше екі баланы дала?а алып шы?ып, ??т?арып ?ал?ан, - деп хабарлайды "Лада" басылымы А?тауды? ?рт с?ндіру ж?не апат-??т?ару ж?мыстары ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда өрт кезінде көшедегілер өртсөндірушілер келгенше екі баланы далаға алып шығып, құтқарып қалған, - деп хабарлайды "Лада" басылымы Ақтаудың өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға 22 желтоқсанда болған. Қаланың 22-ші ықшамауданындағы өндіріс базасының әкімшілік ғимаратының екінші қабатынан өрт шыққан.

Өрт сөндіру қызметіне дабыл 12.34-те соғылыпты. Әкімшілік ғимаратының екінші қабатындағы кеңсе жабдықтары өртенген. Өрт шалған аумақ - 20 шаршы метр. 

Реклама
Реклама

"Өрт сөндірушілер келгенше кеңсе ішіндегі төрт жасар қыз бен бес жасар баланы құтқарып алған. Балалардың анасы ғимараттың маңында орналасқан "777" кафесінде болған. Ол сол жақта жұмыс істейді екен. Анасы есеңгіреп қалған, оған психологтар көмектесіп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ал балалардың айтуынша, олар сіріңкемен ойнаған. Өрт сегіз минут өткенде ауыздықталыпты.

Өрттің нақты себебі тергеу қорытындысы бойынша шығарылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама