Ақтауда ер адамды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

Ақтауда ер адамды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды Видео кадры

Ақтауда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Көліктегі видеотіркегішке жазылған роликті куәгер жергілікті "Лада" порталына жолдады.

Видеоға қарағанда, оқиға 4 маусымда болған. Соққыдан ер адам шамамен бір метрге ұшып кеткен. Кадрлардан жүргізушінің жаяу адамға көмек көрсетпей, оқиға орнынан кетіп қалғандығы көрінеді.

Порталдың мәліметінше, зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген. Жедел-іздестіру шараларының барысында көлік жүргізушісі ұсталды.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама