ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 шілде 2015 22:27
Ақтауда мас әйел ұйқысымен тұрғындардың үрейін алды
Интернетте Ақтау қаласының ықшамаудандарының біріндегі үйдің алдында бір әйелдің ұйықтап жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Видеоға қарағанда келіншек мас күйде. Бұл туралы ТУМБА.kz жазды.
Етегі қысқа көйлек киген әйел тәртіп сақшылары келгенде де есін жия алмайды. Кейін ол оянуға мәжбүр болады. Полицейлер оған су да бермекші болады. Бірақ оған мұндай көмек ұнамай қалған болуы керек, олардан өзін жайына қалдыруды сұрап, ұйқысы келгенін айтады. Әйткенмен сақшылар тапа-тал түсте ұйықтап жатқан әйелді күштеп әкетеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу