Ақтауда мотоцикл мен жылқы соқтығысып қалды

© lada.kz

Ақтауда мотоцикл мен жылқы соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "Лада" оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, оқиға Ақтаудың әуежайына апаратын жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті.

"Олардың сөзіне қарағанда, мотоциклші мен жолаушы тірі, бірақ біреуінің жамбасы, төс қуысы сынып, тағы да басқа түрлі жарақат алған. Жол апатының жай-жапсары анықталып жатыр", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, мұндай жағдай Ақтауда бірінші рет болмағанға ұқсайды. 2013 жылы мамыр айында автожолда мотоцикл жылқымен соқтығысып, жүргізуші сол жерде қайтыс болған. Ал мотоциклшінің жанында отырған оның әйелі ауыр халде жан сақтау бөліміне жеткізіліп, кейін көз жұмған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама