Ақтауда сәбидің ұялы телефоннан қайтыс болу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Ақтауда сәбидің ұялы телефоннан қайтыс болу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

А?тауда с?биді? ?ялы телефоннан ?айтыс болу дерегі бойынша ?ылмысты? іс ?оз?алды, - деп жазады "Лада". Б?л туралы Ма??ыстау облысты? ІІД баспас?з ?ызметіндегілер хабарлады.

Ақтауда сәбидің ұялы телефоннан қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп жазады "Лада". Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Полицейлер сәбидің токтан қайтыс болғанын растады. "Сенбі күні, 3 желтоқсанда, шамамен сағат 09.25-те Маңғыстау облыстық ауруханасында 2016 жылы дүниеге келген сәби қайтыс болды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

"Қазіргі уақытта сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Бұл іс Бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. Әйел адам жеті айлық қызымен ұйықтауға жатқан, жанына ұялы телефонын қуаттауға қойған. "Бала оянып кетіп, электронды құрылғымен ойнай бастаған. Ол токты тісімен шайнап, артынша ток соғуы мүмкін. Баланың ата-анасы өздері ауруханаға алып келген, алайда сәби ол кезде қайтыс болып кеткен", - деді қайғылы оқиға болған отбасының таныстары. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама