Ақтауда шешесі мен қызы жастық құшақтап, үшінші қабаттан секіріп кеткен

© lada.kz

А?тауда шешесі мен ?ызы ?шінші ?абаттан секіріп кеткен. О?и?а 17 ?азанда са?ат шамамен 22.00-де 11-ы?шамауданда?ы 29-?йде бол?ан, - деп хабарлайды "Лада".

Ақтауда шешесі мен қызы үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оқиға 17 қазанда сағат шамамен 22.00-де 11-ықшамаудандағы 29-үйде болған, - деп хабарлайды "Лада".

Әйел мен қызды бесқабатты үймен көрші тұратын әйел көріп қалған. Зардап шеккендер ауыр жағдайда Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. 

Тұрғындардың хабарына қарағанда, үшінші қабатта орналасқан пәтер жалдамалы болған. Шешесі 1977 жылғы, ал қызы 2002 жылғы. Олар бұл пәтерге жалға алған. Қызы мен шешесі құлаған жерде олардың жастық пен көрпелері де болған. 

Реклама
Реклама

"Олардың киімі болған, аяқ киімі мен сөмкесі бар. Біреуден қашып шықпақ болғаны анық, олар құлағанда жеңіл түсу үшін осы жастықтарды алып түскен сияқты. Пәтерден шыққысы келсе, есік бар еді ғой. Аман қалғанына құдайға шүкір", - дейді куәгерлер. Оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама