Ақтауда ХҚКО-ға келген адам күзетшіні ұрып-соқты

© lada.kz

Ақтауда Халыққа қызмет көрсету орталығына келген ер адам күзетшіге шабуыл жасаған, бұл оқиға видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Lada.kz. ХҚКО қызметкерлерінің айтуынша, ер адам мас болып, адамдармен дөрекі сөйлескен, қызметкерлерді балағаттаған. Күзетшінің мекемеден кету туралы өтінішіне ол төбелес шығарған.

Ақтау ХҚКО директорының орынбасары Ербол Байжігіттің айтуынша, ер адам мас болып келген және қолында бір шөлмек арақ болған. "Ол арағын ішіп, ғимараттың ішіне кірді. Айғаймен балағат сөздер айтып, келушілер мен қызметкерлерге айғайлады. Күзетші одан кетуін сұрады. Бірақ ер адам күзетшіні ұрды. Осыдан кейін ер адам далаға шығарылды, ол тыныштанды", - деді Байжігіт. Ер адамды полиция патрулі алып кетіпті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама