ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қаңтар 2019 18:08
Ақтауда жаппай жол-көлік оқиғасы болды
2 қаңтарда Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының маңында үш автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lada.kz.
Оқиға 2 қаңтарда таңғы 08:30-да болған. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.
"Шамамен 09:00-де зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.
Портал мәліметінше, жолдардың мұзтайғақ болуына байланысты көліктер соқтығысқан.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу