Ақтауда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері әріптесін атып өлтірген

© lol54.ru

Ақтауда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері өз әріптесін атып өлтіріп, тағы біреуін ауыр жарақаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері төтенше жағдайдың 2 мамырда кезекшілік аяқталғанда қару-жарақты өткізу кезінде болғанын хабарлады.

"2 мамырда шамамен таңғы сағат 8.00-де жедел әрекет ету тобының ауысуынан кейін табель қаруын өткізу кезінде Маңғыстау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы қару-жарақ өткізу бөлмесінде абайламаушылықтан оқ атып, салдарынан бұл бөлімшенің екі қызметкері медициналық мекемеге жарақатпен түсті, олардың бірі қаза болды", - делінген ведомство хабарласында.

Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс басталды, материал сотқа дейінгі бірыңғай реестрде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тергеу мүддесіне байланысты ІІД өкілдері істің мән-жайын хабарламай отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама