ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 тамыз 2017 09:37
Ақтауда жол талғамайтын көлік орға түсіп кетті
Ақтауда бірегей жол-көлік оқиғасы болды. Toyota автомобилі инженерлік коммуникация жолдары үшін қазылған орға түсіп кетті, - деп хабарлайды Тумба.kz.
Куәгерлердің айтуынша, траншея "ГринПлаза" тұрғын үй кешенінің жанында қазылған. Құбырлардың орнатып жатқан жолдың бойында ескерту ленталары байланған жіңішке ағаштармен қоршалған. Автокөлік осы қоршауды емін-еркін бұзып өтіп, траншеяға түсіп кеткен. Бұл жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу