Ақтауда жол талғамайтын көлік жүкті әйелді соғып, 30 метрге ұшырып жіберген

А?тауда №1 ?алалы? емхананы? ма?ында жаяу ж?ргіншілер жолында Toyota Hilux к?лігіні? ж?ргізушісі келіншекті ?а?ып кетті. Зардап шегуші Ма??ыстау облысты? аурухананы? жедел к?мек к?рсету б?лімшесіне жат?ызылды, - деп хабарлайды "Лада".

Ақтауда №1 қалалық емхананың маңында жаяу жүргіншілер жолында Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі келіншекті қағып кетті. Зардап шегуші Маңғыстау облыстық аурухананың жедел көмек көрсету бөлімшесіне жатқызылды, - деп хабарлайды "Лада".

Дәрігерлердің айтуынша, 1979 жылғы келіншек ауыр халде түскен. "Зардап шегушінің бас-сүйегі жарақаттанған, миы шайқалған, кеуде тұсы мен құрсақ қуысынан жарақаттар алған. Қазір жәбірленуші реанимациялық залда тексерістен өтіп жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр", - деді шұғыл жәрдем бөлімінің меңгерушісі Нәдірқожа Мұсаев. 

Реклама
Реклама

"Тумба" басылымының мәліметінше, зардап шеккен әйел жүкті болған. Ол емханадан шығып, жаяу өткінші жолымен өтіп бара жатқан жерінен көлік қағып кеткен. 

Куәгерлердің айтуынша, әйел соққыдан 30 метрге ұшып кетіп, тасжолға басымен соғылған. Осы жолмен кездейсоқ жүріп бара жатқан жедел жәрдем алып кеткен кезде ол есінен танып жатқан. 

Тағы бір куәгерлер көліктің әйелді 18 метрге дейін сүйретіп барғанын айтып отыр. Ал жүргізуші мас болған делінеді. Куәгерлер оны көлігінде жауып ұстап, полиция шақыртқан екен. 


Фото: lada.kz/tumba.kz

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама