Ақтауда зорланған 6 жастағы қыз қайтыс болды

Астанада 6 жаста?ы Виктория Минина ?айтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л м?ліметті оны? ?жесі - Любовь Александровна растап берді. Оны? айтуынша, ?ыз А?тау ?аласында жер ?ойнына тапсырылады. 

Астанада 6 жастағы Виктория Минина қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті оның әжесі - Любовь Александровна растап берді. Оның айтуынша, қыз Ақтау қаласында жер қойнына тапсырылады. 

Айта кетейік, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгенді жасадық деп отыр. Алайда бір ай бұрын оның миы өлген болатын.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама