Ақтаудағы компаниялардың бірінің кеңсесіне улы қарақұрт кіріп кетті

Ақтаудағы компаниялардың бірінің кеңсесіне улы қарақұрт кіріп кетті © Тumba.kz

Ақтаудағы компаниялардың бірінің кеңсесіне улы қарақұрт кіріп кетіп, жұмыс процесін бұзды, - деп хабарлайды Тumba.kz

Жергілікті басылымның мәліметінше, қарақұрттың кіріп кеткенін қызметкерлер дереу аңғарған. Жәндікпен бірнеше рет суретке түскеннен кейін олар қарақұрттың улы болатынын еске түсіреді. Одан құтылмақ болған кезде қарақұрт өзі қашып кеткен.

Компания кеңсесі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқаны анықталды. Ол жерге қарақұрттың қалай тап болғанын тұрғындар білмейді. Оның үстіне, жылдың бұл мезгілінде қарақұрттар үш айдан аса уақытқа ұйқыға кетеді. 

Реклама
Реклама

Мұндай оқиғаның жиі болып тұратыны белгілі болды. Басылымның мәліметінше, Ақтау тұрғындары бұған дейін үйінен жылан тауып алған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама