Ақтаудағы көпқабатты үйде болған өрттің себептері анықталды

© lada.kz

Ақтаудағы 4-ықшамауданында болған төтенше оқиға кезінде газ баллоны жарылмаған болып шықты, - деп хабарлайды "Лада". Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллонының жарылғаны хабарланған болатын.

Маңғыстау облыстық ТЖД апаттық-құтқару жұмыстары және өртсөндіру қызметінің мәліметінше, 4-ықшамауданындағы 7-үйде болған өрт қоқыстың тұтануынан басталған. 

"Тұрғындардың газ баллоны жарылды деген болжамдары мамандардың тұжырымдарымен сәйкес келмеді. Департаменттің мәліметінше, 8 қазан күні сағат 01.26-да Ақтау қаласы, 4-ықшамауданы, №7 үйдің сегізінші қабатында кіреберісте тұрған қоқыс тұтанған. Сөйтіп, №85 пәтердің есігі, кондиционер мен үйдегі заттар өртенді", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Департамент мамандарының хабарлауынша, 50 адам эвакуацияланған, олардың арасында он бала бар. Тұрғындардың үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 30 адам мен жеті техника жұмылдырылды.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама