Ақтөбе - Астрахань тас жолында 4 адам қаза тапты

Ақтөбе - Астрахань тас жолында 4 адам қаза тапты Фото Теngrinews.kz мұрағатынан

Ақтөбе облысында төрт адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Жол апаты Ақтөбе - Астрахань тас жолының 19-шақырымында болды. Opel және Toyota автокөліктері бетпе-бет соқтыққан. Төрт адам оқиға орнында жан тапсырды. Аман қалған 6 жолаушы жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында 1,5 жасар сәби бар. Баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. 

Оқиға орнында полицейлер апаттың себептерін анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды.  

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама