Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті

Телеарна сюжетінің кадрынан

Ақтөбе облысында ірі жол көлік оқиғасы болып, тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ақтөбе облысында ірі жол көлік оқиғасы болып, тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ауа райының қолайсыздығынан тас жолда 11 көлік соқтығысқан. Жүргізушілерге көктайғақ пен боран кедергі келтірген.

Жол апаты Хромтау ауданында Самара-Шымкент тас жолының 859-шақырымында болған. 11 автокөліктің сегізі жеңіл көлік, екеуі жүк көлігі, бірі газель. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. Арасында аяғы ауыр келіншек те бар.

Реклама
Реклама

"Ауруханаға тоғыз адам түсті. Қазір олардың біреуі ғана ауруханада ем алып жатыр. Қалғаны емханалық емдеуге ауыстырылды. Жағдайлары жақсы", - деді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненко.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама