Ақтөбе облысында 9 адам қаза тапқан жол апатының видеосы пайда болды

Видеодан үзінді

А?т?бе облысында автобус жол апатына ?шырап, то?ыз адам ?аза тап?ан о?и?аны? видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облысында автобус жол апатына ұшырап, тоғыз адам қаза тапқан оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облысында 52 адам отырған автобус аударылып кетті. Оқиға Ақтөбе облысындағы Қарабұлақ ауылының маңында болған. Волгоград - Шымкент бағытында кетіп бара жатқан екі қабатты автобус ішінде 52 адам болған. Ондағы 50 адам Өзбекстан, ал екеуі Қазақстан азаматы болған. 

Автобустың аударылуынан Өзбекстанның 9 азаматы мерт болып, 18 адам ауруханаға жеткізілді (оның бірі Қазақстан азаматы). 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. РИА Новости мәліметінше, Қазақстан аумағында жол-көлік оқиғасына ұшыраған автобустың ішінде Ресей азаматтары болмаған. 

Реклама
Реклама

Жол апаты болған орынға Қарабұлақтағы Апат медицинасы орталығынан 9 құтқарушы мен 2 техника жөнелтілген. Ал облыстық ТЖД қызметінен 7 адам және бір техника жіберілді. Сонымен бірге, оқиға болған жерге екі жедел жәрдем көлігі мен полицейлер барған. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама