Ақтөбе облысында терезеден құлаған сот қызметкері қайтыс болды

Ақтөбе облысында терезеден құлаған сот қызметкері қайтыс болды ©vluki.ru

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласы аудандық сотының хатшысы терезеден құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің хабарлауынша, әйел көпқабатты үйлердің бірінің төртінші қабатынан құлаған. Мұғалжар аудандық сотының 44 жастағы хатшысы оқиға орнында жан тапсырды. Полиция бұл суицид деп отыр, бірақ өлімнің себебі сот-медицина сараптамасының нәтижесінде белгілі болады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Бұл жайттан соң Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы жұмысынан уақытша шеттетілген. Оның сот қызметкерінің терезеден секіруіне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, әйел ішкі істер бөлімі басшысы пәтерінің терезесінен секірген. 

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Алматыда полицейлердің бір жігіттің терезеден секіруіне жол бермегені хабарланған еді. Ер адаммен сөйлескен "Жедел жәрдем" қызметкерлері оның есірткі қолданғанын анықтады. Жігіт өзінің досымен бірге синтетикалық есірткіні шеккен. Оның үйінен есірткі түтігі мен шөп салынған пакет табылды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама