Ақтөбе облысында төрт оқушы физика мұғалімін ұрып-соққан

Ақтөбе облысында төрт оқушы физика мұғалімін ұрып-соққан © Myslo.Ru

А?т?бе облысыныда 11 сынып о?ушылары физика п?нінен беретін жас м??алімді ?рып-со??ан, деп хабарлайды "Диапазон".  О?и?а Арынов атында?ы ?ар?алы орта мектебінде бол?ан.

Ақтөбе облысыныда 11 сынып оқушылары физика пәнінен беретін жас мұғалімді ұрып-соққан, деп хабарлайды "Диапазон".  Оқиға Арынов атындағы Қарғалы орта мектебінде болған.

Мектепте мұғалімге қол көтерген оқушылардың үлгерімі жақсы және ешқашан бұзықтығымен көзге түспегенін айтады. Басылымға куәгерлердің айтуынша, мұғалім мен жоғары сынып оқушылары арасында ерегіс өткен аптада болған. Осыдан кейін мұғалім қолы сынып, ауруханаға түскен. 

ІІД-де басылымға полицияның бұл іс бойынша анықтау шараларын жүргізіп жатқандығын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Оқиға түстен кейінгі уақытта, сабақтан соң болған. 11 сынып оқушылары бірінші ауысымда оқиды. Төрт оқушы болған. Ерегіс неден туғанын білмейміз, мұнымен полиция айналысуда. Жас маман мектепте екі ай ғана жұмыс істеді. Оқиғаға қатысты оқушылар бұзықтығы үшін есепте жоқ, барлығы жақсы оқиды. Мұндайға барғанына бізде таңғалып отырмыз. Мұғалім ауруханада жатыр, өзі жүреді, қолында гипс. Әзірге жұмысқа шыққан жоқ. Балалар сабаққа келіп жүр. Ата-аналарымен кездестік, балалар мұғалімнен кешірім сұрады, ол кешірім берген", - дейді оқиғаның мән-жайы туралы директордың орынбасары Бибінұр Кабатбергенова.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама