Ақтөбе облысында жол апатынан екі полицей қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Мәртөк ауданы ішкі істер бөлімінің үш қызметкері зардап шекті, олардың екеуі алған жарақатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Ақтөбе-Жайсаң тас жолында26 ақпанда сағат 06.55 шамасында болған. Ақтөбе облысы ІІД мәліметінше, "Лада Гранта" мен "КаМАЗ" жүк көлігінің соқтығысып қалған.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне ("Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет ") сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол апаты "Ақтөбе-Жайсаң" тас жолының 51-шақырымында болды", - деді ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендердің бірі қазір ауыр жағдайда жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама